24 Маусым, 2020 NEWS

Халық коронавирус жоқ деген жалған сөзге сенді

qamshy.kz

Халық коронавирус жоқ деген жалған сөзге сенеді. 

Биылғы жылдың наурыз айында коронавирус індеті жетіп, тарала бастауына байланысты елімізде дер кезінде төтенше жағдай жарияланды. Шектеу шаралары енгізілді. Алайда шектеулердің бәсеңдетіліп немесе алынып тасталуымен тұрғындар еркінсіп, той-садақаға, теңіз жағалауына топталып баруы қайта қалыпқа түсті.

Ең сорақысы, көзге көрінбейтін болған соң бұл ауру менде жоқ деген жалған сезімге бой алдырды азаматтар. Қазір бір-бірімізге жұқтыру процесі өте тез жүруде, дейді Айларбек Шыршықбаев.

- Жағдай қазір қиын. Қызулағандар, ауа жетпейтін сезім пайда болғандар, ауырғандар өте көбейіп кетті. Сондықтан, халыққа айтарымыз - мүмкіндігінше жеке басыңыздың сақтығын ойластырыңыздар. Көпшілік жерге бармаңыздар. Қолдарыңызды жиі жуыңыздар. Бетпердені үнемі киіп жүріңіздер. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіздер, - дейді ол.

Брифинг соңында қазіргі уақытта қолданыста жүрген 48 жедел-жәрдем көлігіне қосымша тағы 52 машинаны тамыз айында дейін лизингке сатып алу жоспарланып отырғаны айтылды. Бұдан соң Маңғыстауда жедел-жәрдем көлігінің тапшылығы жойылуы тиіс.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір