• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:14:16
Алматы
+35°

25 маусым сағат 21.20-да Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде тағы төрт адамның коронавирустан көз жұмғанын хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысында – 1971 жылы туған ер азамат, Алматы қаласында – 1958 және 1977 жылы туған әйел адамдар және 1979 жылы туған ер адам қайтыс болған.

Марқұмдардың коронавирустан көз жұмғанын өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия анықтаған. 

Осылайша, Қазақстанда  COVID-19 вирусынан көз жұмғандар саны 140 адамға жетіп отыр. 

Наурыз айынан бері елде 31 962 адамнан коронавирус анықталған. Денсаулық сақтау министрлігі олардың 19 285-ін "симптомы бар" деген санатқа жатқызса, қалған 12 677-ін "симптомы жоқ" деп отыр. Бүгінгі күнге дейін 12 222 адам вирустан жазылып шыққан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір