27 Маусым, 2020 NEWS
Фото Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтынан алынды
Маңғыстаудағы барлық қала мен аудандардағы пульмонологиялық провизорлардағы орындардың санын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Науқастардың көптігіне орай Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен және Ақтау қалаларына басымдық берілуде. Мысалы, Бейнеу ауданының орталығында 55 орын провизорлық стационар дайындалды. Жаңаөзенде 75 орындық провизорлық орталық әзірленді.
Ал, Ақтауда науқастар саны көп. Себебі қалаға іргелес жатқан Мұнайлы ауданының, Түпқараған мен Қарақия аудандарының тұрғындары да облыс орталығына келіп, шағымдарын білдіреді. Осыған байланысты Ақтауда 4 бірдей пульмонологиялық провизор орталығы іске қосылған.
♦Біріншісі – Ақтаудағы 1-шағын ауданда орналасқан бұрынғы қалалық перзентханада жасақталған 100 орындық провизорлық госпиталь;
♦Екіншісі – 1-шағын аудандағы бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің базасында ашылған 100 орындық провизорлық госпиталь,
♦Үшіншісі – облыстық аурухананың «Б» блогында құрылған 300 орындық провизорлық орталық (мұнда қазір 75 орын бос тұр);
♦ Төртіншісі – "Приморский" шағын ауданындағы жағажайда орналасқан "Теннис орталығында" 150 орындық провизорлық стационар жасақталды. Бұл орталық қазір науқастарды қабылдауға толық дайын, көмек көрсететін медициналық қызметкерлер де бөлінген.
Сондай-ақ облыстық ауруханадағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, 5-6 қабаттарынан 150 орын провизорлық стационар ашылады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір