• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:03:02
Алматы
+35°

Фото қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан алынды

Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтында және Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында жас лейтенанттардың салтанатты шығарылымы мен Щучинскідегі Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында сержанттардың оқу орнын бітіруіне орай ұйымдастырылған шаралар өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл Құрлық әскерлері Әскери институтын 390 лейтенант тәмәмдады. Түлектердің арасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп даярлау аясында оқыған Қырғызстанның 8 және Тәжікстанның 10 өкілі бар.

а

Салтанатты іс-шара барысында Алматы қаласында төтенше жағдай және карантин режимін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауда кәсібилік пен батылдық танытқан түлектер марапатталды. Лейтенант Мейрамбек Нәйсекеновке ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» ведомстволық медалі, лейтенанттар Бақберген Сыздық пен Әлібек Қыдырға атаулы сағаттармен марапатталды.

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтында «Әскери медицина» мамандығы бойынша алғашқы 15 офицердің бітіруі өтті. Ұшу және инженерлік мамандықтар офицерлерінің шығарылымы дәстүрлі түрде қазан айында өтеді. Институт жоғары әскери-кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша төрт мамандық және он біліктілік бойынша кадрлар дайындайды. Жыл сайын ЖОО 100-ден астам офицер шығарады.  

Биыл Кадет корпусын 216 сержант аяқтады. Жыл сайын әскери оқу орны кіші командалық құрамын 200-ден астам маман тәмәмдайды. 1996 жылдан бастап Кадет корпусы 2800-ден астам кәсіби сержанттарды дайындады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әскери оқу орындары

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір