• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:48:03
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 8 науқастың қайтыс болғанын хабарлады.

Науқастардың 5-еуі ер адам, 3-еуі әйел. Ең үлкені 1942 жылғы болса, қайтыс болғандардың ең жасы 1976 жылғы. Олардың екеуі де әйел. Бұлардан бөлек 1959, 1947, 1943, 1954, 1955 жылы туған ер азаматтар, 1948 жылы туған келіншек бар.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдаған.

Қазақстан бойынша 20319 адамнан коронавирустық инфекция анықталған. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар елде – 14548. 12589 адам індеттен айықса, 158 адам қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір