• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:43:10
Алматы
+35°

Алматы дәріханаларында бір адамға 2-3 орама парацетамол ғана сатылатын болады. Бұл туралы қала әкімдігінің дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты.

ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша бұл дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында жасалып отыр.

– Біз әлеуметтік желіде үлкен дүрбелең жүріп жатқанын көріп отырмыз. Адамдар өзін-өзі емдеумен айналысып кеткен. Тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмектің белгілі бір түрлеріне сұраныс өте жоғары болып тұр. Айталық, адамға не бәрі 2 орама парацетамол қажет болғанымен ол 20 орамасын бірақ сатып алады. Барлығын да дәрі-дәрмектің жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін біз бір адамға 2-3 орама ғана шараларын қолға алғымыз келеді. Бұл бүгінгі күні сұранысы жоғары болып отырған дәрілерге де қатысты болмақ, – деді Заңғар Сәлімбаев.

Сәлімбаевтың нақтылай түсуінше, дәріханаларда сатылымы шектелетін 6-7 дәрі болады.

– Парацетамол, сумамед және адамдар жаппай сатып алып жатқан дәрінің өзге де түрлері бар. Бұл дәрілердің сатылымына шектеу енгіземіз. Дегенмен, олар қала дәріханаларына жеткілікті көлемді жеткізілетін болады, – деді ол.

Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедияров дүйсенбіге қарай сатылымға 250 мың орама парацетамол келіп түсетінін атап өтті.

– Таяу уақытта қалаға вирусқа қарсы 70 мың орама дәрі жеткізіледі. Қызу түсіретін және вирусқа қарсы препараттардың бар болуына күнделікті мониторинг жүргізіп отырамыз, – деді ол.

Мұнан бөлек, дүйсенбі күні 30 мың термометр қала дәріханаларында сатылымға шығарылмақ.

– Мұндай шешім әкімдікпен және Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен келісілген. Бұл адамдар түсініп әрі түсіністік танытуы үшін жасалып отыр. Өйткені, мұндай болмауы керек. Өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды, – деп түсіндіреді Қазақстанның фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова.

Тағы оқыңыз:

♦ Алматы дәріханаларындағы дүрбелең. Парацетамол, аспирин тапшы (видеорепортаж)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: дәрі тапшылығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір