• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:59:40
Алматы
+35°

Маңғыстауда Солтүстік "Бузачи" мұнай кен орнының жұмысшылары коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олар ешқандай медициналық көмек көрсетіліп жатпағанын айтуда.

– Біз "Бузачи" мұнай кен орнының жұмысшыларымыз. Компанияда 95 жұмысшыдан коронавирус анықталды, сынақ нәтижелері – оң шықты. Вахтаға келмес бұрын алдын-ала тест тапсырдық. 17 күн өткеннен кейін 95 адамның коронавирус жұқтырғанын білдік. Сап-сау жұмысқа келгенбіз, енді осы жерден жұқтырып, ауырып жатырмыз. Бізге мекемеден ешқандай жағдай жасалып жатқан жоқ. 95 адам сыймайтын жатақхананы босатып беріп жатыр. Бірақ онда жағдай жасалмаған, тек тамақпен қамтамасыз етеміз дейді. Бізге дәрі-дәрмек қажет. Біз ем алып, карантинде оқшаулануға қарсы емеспіз, – дейді жұмысшылар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір