• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:59:28
Алматы
+35°

Фото Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

"Жігер" мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты бағыты – жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру. Бірлестік базасында тоқыма, қайта өңдеу бойынша тігін цехы жұмыс істейді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– "Әрекет" жобасы аясында "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан ұтып алған грант қаражатына өнеркәсіптік тігін жабдығы сатып алынды, ол жұмыс орындарының санын кеңейтуге мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 12 әйел жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпорын төсек-орын және үй тоқымасын шығаруды, сондай-ақ балалар киімін тігуді жолға қойды. Алайда пандемия өз әсерін тигізбей қоймады. "Жігер" командасы бірден жауап берді: өндіріс тоқтаған жоқ, бірақ қайта жанданды. Енді көп реттік қорғаныш маскаларын шығару керек деп шешілді.

Біз бірден өнімнің бір бөлігін қайырымдылыққа – көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлерге табыстаймыз деп шештік", – дейді "Жігер" ҚБ жетекшісі Ажар Қыдыралина.

Карантин кезінде 10 000 маска тігіліп, 4 000 маска қайырымдылыққа берілді, қалғандары сатылды. Табыс материал сатып алуға және цех қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалды.

"Жігер" ҚБ-нің жоспары – Талдықорған қаласының жұмыссыз азаматтарына жұмыс орындарын ұсынып, өз өндірісін кеңейте отырып, әрі қарай өсе беру.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір