• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:27:18
Алматы
+35°

Фото Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

"Biz Birgemiz" республикалық акциясының ең белсенді қатысушысы болған Алматы облысының 10 еріктісі бүгін Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапаттарды иелеріне облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов табыс етті. 10 ерікті қатарында Әділбек Ағзамбеков, Әсел Жұмалиева, Ержан Дәулетбаев, Аяна Серікова, Мәди Шакенов, Аймарал Дәулетбек, Мөлдір Мәулет, Абай Ханатқанов, Назерке Болатбекова, Жазел Дакубаева. Олардың барлығы әлеуметтік әлжуаз санаттағы адамдарға көмек көрсетуде белсенділік танытты. Екі айдан астам уақыт бойы жастар азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен мұқтаждарға арналған құралдарды алып келген.

- Қазір сіздердің, әсіресе әлемдік індетпен күрес жағдайында жасап жүрген еңбектеріңіз орасан зор. Бұл еңбектеріңіз назардан тыс қалған жоқ және бұдан былай да тасада қалмайды. Үлкен жүрек пен мейірбан көңілдеріңіз өзгелерге де,  өздеріңізге де бақыт сыйлады, - деді Лаззат Тұрлашов.  

Өз кезегінде еріктілер Елбасына және облыс басшылығына көңіл бөліп, қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік," Biz Birgemiz "республикалық акциясы аясында биылғы жылдың 19 наурызы мен 17 маусымы аралығында "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық", "Кедергісіз келешек" жобалары аясында "Jas Otan" жастар қанатының белсенділері мен еріктілері 25 мыңға жуық адамға көмек көрсетті. Жалпы сомасы 253,83 млн. теңгеге азық-түлік жиынтығы, жеке гигиена заттары, антисептикалық құралдар, медициналық маскалар сатып алынды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір