• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:37:44
Алматы
+35°

Фото Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтынан алынған

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 1 шілдеден бастап отбасын жаңадан құрған жанұяларға тиімді шарттармен пәтер алуға мүмкіндік беретін "Жас отбасы" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

Жаңа бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі жылдық 6 пайызға тең. Бұл тек алғашқы екі жылдағы мөлшерлеме көлемі, ал одан кейін жылдық мөлшерлеме 5 пайызға дейін төмендейді.

Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" "Жас отбасы" депозитін ашып, бір жыл ішінде болашақ пәтерлерінің 50% жинап бағалау көрсеткішінің "5-ші" деңгейіне жетуі керек. Депозитті ашар кезде, олардың некеге тұрған мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс (некеге тұру туралы куәлікке сәйкес).

Қаражатты жинақтау кезінде оған жылдық 2% көлемінде банк сыйақысы мен 20% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекет сыйақысы (200 АЕК-тен аспайтын сомаға есептелінеді) түседі. Ерлі-зайыптылар депозитті әрқайсысы өз атына ашып, кейіннен шоттарды "Отбасылық пакетке" біріктіру арқылы мемлекет сыйлықақысын екі еселей алады.

"Жас отбасы" бағдарламасының тағы бір артықшылығы – оған қатысу барысында ерлі-зайыптылардың жас мөлшері мен отбасындағы балалар санына назар аударылмайды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, жас отбасылар пәтерді жаңа және қолданыстағы үйлерден ала алады. Немесе жер телімін сатып алып, үй салуларына да болады. Оларға заем 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір