• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:04:32
Алматы
+12°

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асқан тұста билік елде қайтандан карантинді күшейту туралы айта бастады.  Жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой індетпен күресудің 4 тәсілін ұсынды. Оның сөзінше, коронавирусқа қарсы күресудің  ең тиімді тәсілі: 4 апталық қатаң карантин режимі.

Ал екі айға жуық Төтенше жағдай режимінде, үш айға жуық қатаң карантинде күн көрген халық министр ұсынған тәсілді қолдай ма? Алматылық тұрғындардан сол туралы сұрап көрдік.

 

Қазақстан билігі елде коронавирусқа байланысты 2 айға жуық созылған төтенше жағдай режимін алып тастап, қалаларды қайта ашқан соң вирус жұқтырғандар саны күрт көбейді. Маусым айының басынан бері елде күніне 1000-нан астам адамнан вирус табылып жүр. Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес, елде 41 055 адамнан коронавирус табылған. Осы уақытқа дейін олардың 13558-і ауруынан жазылды, ал 188-і көз жұмды.

Бек Байтас

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір