02 Шілде, 2020 NEWS

Түркістан ауруханасында видео түсірген хирург жұмыстан қуылды (видео)

qamshy.kz

Түркістан облысы Келес ауданының Абай атындағы аурухананың хирургі әлеуметтік желіде қолдануға жарамсыз медициналық қолғаптарды түсіріп салғаны үшін жұмыстан қуылды.

33 жастағы Қайрат Сейуалиев видеода науқас пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заттардың барлығы киетін кезде жыртылып қала беретінін айтқан. Дәрігер бұл видеоның алдында ауруханаға әкімшілігіне барғанымен, сонда да сапалы қолғап ала алмай, нәтиже болмағанын айтады. Кейіннен әлеуметтік желіде видео қызу талқыланып, хирургтың жұмыстан шыққаны белгілі болды.

Хирург ауруханаға 8 жыл бұрын "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы жұмысқа тұрған. 7 жыл бойы хирургия бөлімінің меңгерушісі болып, қызмет атқарып келген. Алайда 2020 жылдың ақпан айында ауруханаға жаңа басшылық келіп, мамандардың еш негізсіз жұмыстан босатылуы басталған.

– Сапасы өте төмен қолғаптарды көрсеткенім үшін әкімшілік, бас дәрігер, оның орынбасарлары, кадр бөлімінің басшысы, заңгер, аурухана кәсіподағының төрағасы сынды 10 адам менің атыма хаттама толтырған. Кейін 3 минуттан соң жұмыстан қуылғаным туралы қағаз келді. Мұнда мен әкімшіліктен жоқ нәрсені не материалдық көмек сұрағаным жоқ, тек пандемия кезінде бізді қорғай алатын қолғаптар беруін сұрадым. Әділдік қайда?!, – деді Қайрат Сейдуалиев. 

Аурухананың бас дәрігері хирургты жұмыстан босату үшін бірнеше себеп барын айтты.

– Ауруханада қолғап мөлшер бойынша беріледі және ол мұны жақсы біледі. Аға медбикеге жүгінудің орнына видео түсіріп, оны жариялады. 30 маусымда ол екінші видеоны жариялады. Сонымен қатар, Қайрат Сейдуалиев ақпан айында тәртіптік жазаға тартылып,  сөгіс алған. 30 наурызда науқасқа үш сағат ішінде ешқандай көмек көрсетпегені үшін де шағым түсті, – деді Келес аудандық аурухананың бас дәрігері Аида Бексұлтанова.

Хирург комиссия шешімімен келіспейтінін айтып, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана әкімшілігі жұмыстан заңсыз босатып, жала жапқаны үшін Президентке хат жолдамақ.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір