– Әрбір пән бойынша үйге репетитор жалдап, күніне екі-үш сағаттан дайындалуға тура келді. Олар маған көп көмектесті. Менің ойымша, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін репетитормен жеке жұмыс істеген дұрыс. Әрине, ата-анам мен ұстаздарыма да көп қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді, – деді Айдос.

Болашақ студенттің ендігі  жоспары –   жоғары  әскери оқу орнына түсу үшін нормативтер мен құжаттарын дайындау. 

–  Мен шекара қызметін таңдадым. Бұл –  өте тамаша мамандық деп ойлаймын. Жалпы тест тапсыру кезінде телефон немесе шпаргалка алып кіру қиын, ал өтіп кеткен күннің өзінде оны қолдану мүмкін болмайды. Сондықтан мен  өз біліміме сенуге тырыстым, –  дейді ол.

2020 жылғы 23-30 маусым аралығында Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектептерінің 933 (81%) түлегі ҰБТ-ға қатысқан. Оның 378-і тестті қазақ тілінде тапсырған.

Ақбота Сейсенбаева