02 Шілде, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде қалалар арасында блокбекеттер болмайтынын айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– Жүріп-тұруға ешқандай анықтамалар керек емес. Қалалар мен өңірлер арасында блокбекеттер орнатылмайды. Тек өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайды, – деді Е. Тоғжанов.
Еске сала кетейік Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір