• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:35:53
+35°

Нұр-Сұлтан қаласында 70 мың адамға арналған парацетамол  жарты сағаттың ішінде сатылып кеткен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.

– Кеше Нұр-Сұлтан қаласында 70 мың адамға арналған парацетамол дәрісінің мөлшері дәріханаларға таратылған болатын. Жарты сағаттың ішінде ғана оның бәрі сатылып кетті. Қазіргі уақытта интернетте бұл дәрілер қайта сатыла бастағанын көріп отырмыз. Біздің уәкілетті органдарымыз бұл мәселені жіті бақылауына алады. Сырқаттану жағынан елордада осыншама парацетамолды қажет ететіндей науқастар саны жоқ. Тиісінше бұл препараттарды кейбіреулер сатып алып, қымбатқа сатып жатыр деген сөз. Жетіспеушілік осылайша қолдан жасалып отыр немесе дене қызуы жоқ адамдар дәріні сатып алуда, – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір