• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:31:37
Алматы
+12°

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров еліміздің мұсылман қауымына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының COVID-19 коронавирусы кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдемесін таныстырды.

ҚМДБ жаназа намазы мен Құдайы астарға қатысудың келесідей ережесін сақтауға үндейді:

  1. Жаназа намазына қатысты талаптарды орындауға:

– Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысуына;

– Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуына;

– Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмауға;

– Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспауына;

– Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтауға;

– Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жууға;

– Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмауға;

– Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспауға;

– Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтауға;

– Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтаруға;

– Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспауға;

– Қонақ асын өткізбеуге;

– Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелуге.

  1. Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптарды орындауға:

– Астарды өткізбеуге немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелуге;

– Бір ғана діни қызметкердің қатысуына;

– Санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтауға.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір