• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:50:56
Алматы
+35°

Қалада ұшып жүрген тікұшақтар қазақстандықтардың зәресін алды. Желіде тікұшақтардың қала үстінен ұшып, белгісіз бір зат сеуіп жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Кейбір желі қолданушылары әуеден жәндіктерді улап, өсімдіктерді өңдеп жатыр деп болжаған. Басқалары мұны дезинфекция жұмыстары деп санайды. Ал үшінші нұсқа бойынша, атмосферада вирус тарап жатыр екен. Қысқа видеолар Шымкент пен Маңғыстау облысында түсірілген деген болжам бар.

Қорғаныс министрлігі ел ішінде тарап кеткен қауесетті жоққа шығарды. Ведомстводағылар әуе аппараттары дезинфекция үшін қолданылмайтынын айтты. Министрлік өкілдерінің сөзінше, бұл оқу-жаттығу болған. Ал белгісіз зат – өрт сөндіруге арналған су. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: тікұшақ вирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір