• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:00:00
Алматы
+35°
Қазақстанның кей қалаларында екі апта қатарынан сенбі және жексенбі күндері ірі сауда орындары жабық болған. Соның салдарынан Magnum және Metro желілері миллиондаған теңгеге шығын көрген, деп хабарлады lsm.kz.
 
Magnum-ның PR-менеджері Дмитрий Шишкин желі жүз миллионға жуық теңге қаржы жоғалтқанын айтты.
 
– Шығынның нақты сомасы есептеліп жатыр. Екі апта аралығында белгілі болады. Алайда 20-21, 27-28 маусым күндердегі шығын жүздеген миллион теңге болғаны болжанып отыр. Бізден бөлек жеткізушілеріміз де шағынға батты. Сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкеністерге тапсырыс демалыс күндердегі жоғары сұраныс ескеріліп берілген. Шығындардың денін тауар түрін жоғалтқан өнімдер құрайды. Олар ондаған тоннадан асады. Негізінен отандық тауарлар, – деді ол.
 
Metro желісінің PR маманы Әсемгүл Сыздықова да Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы сауда нүктелерінің жабылуынан жеміс пен көкеніс, ет, сүт, нан өнімдері секілді сақталу мерзімі қысқа азық-түлік тауарлары категориясында компания шығынға батқанын жеткізді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Metro Magnum карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір