03 Шілде, 2020 NEWS
Akorda.kz
Қазақстан астанасында елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған монумент ашылды. Оның ашылуына елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде қатысқан. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Сайттың жазуынша, Назарбаевқа арналған ескерткіш Ұлттық қорғаныс университетінде бой көтерген. Бұл университет те Назарбаевтың атында.
Тоқаев онлайн өткен ашылу салтанатында Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, елдің стратегиялық даму жолын айқындап, халықты ортақ мақсатқа жұмылдырғанын айтқан.
"Тұрақтылық пен татулық, береке мен бірлік – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы" деді президент.
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген президент. Ол өткен жылы өз еркімен отставкаға кеткен. Бірақ елдегі биліктің бір тармағын әлі де ұстап отыр.
Қазақстанда Назарбаевқа арналған монумент, ескерткіш көптеген қалада бар. Елдің астанасы да былтыр бұрынғы президенттің құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір