• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:13:30
Алматы
+35°

Қазақстанда Назарбаевтың қанынан коронавирусқа қарсы вакцина жасалатыны туралы ресейлік сатиралық "Панорама" сайтында шыққан ақпарат жалған. Мұндай мәлімдемені ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялады.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың қанынан коронавирусқа қарсы қолданылатын қоспа дайындалып жатыр деген әлеуметтік желідегі хабарлама шындыққа жанаспайды. Құзырлы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылғанына байланысты тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізу және алдағы уақытта бұл ақпараттың басқа жерде таралмауын қамтамасыз ету тапсырылды" делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктегілер әлеуметтік желіде тарап жүрген дәйексіз ақпараттарды таратпауға және тек нақты дереккөздерге сенуге шақырды.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір