03 Шілде, 2020 Аймақтар

Ақтөбеде науқастарды қабылдауға қосымша 600 орын ашылды

Qamshy.kz

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде болды. Аталған оқу ордада студенттер жатақханасының 600 орыны пневмонияға шалдыққандарға арналған. Науқастарға қаладағы үш бірдей поликлиниканың қызметкерлері көмек көрсететін болады.

Сонымен қатар, оқу ғимаратының жанындағы Аққағаз Досжанова атындағы мәжіліс залы тұрғындардың сауалдарына жауап беретін сall – орталыққа айналады. Аталған call орталық бұған дейін халыққа қызмет көрсетіп келген 906-606 нөмірлі call орталыққа қосымша болмақ. Тәжірибелі мамандар мен профессорлық дәрежедегі 10 дәрігер тұрғындардан жиі түсетін сұрақтарға жауап береді.

Сондай-ақ, дәрігерлермен видеобайланысқа шығып ақпарат алуына мүмкіндік туып, тәулік бойы қызмет көрсетеді деген жоспар бар.

«Дәру» клиникасы» медициналық оңалту орталығында ашылған 150 орын қазіргі таңда 174-ке көбейтілген. Мұнда да пневмонияға шалдыққандар ем алып жатыр. Өңір басшысы медициналық мекеме басшыларына қызмет түрінің сапалы жүргізілуін, кез-келген шұғыл шараларға әзір болу қажеттігін тапсырды.

«Азаматтардың өмірі мен денсаулығы басты назарда. Атқарушы орган ретінде азаматтардың өмірін сақтап қалу, олардың айығып кетуі үшін жан-жақты шараларды қолға алып отырмыз. Сондай-ақ, вирустың таралуын болдырмау шаралары қатаң бақылауда» деді Оңдасын Оразалин.

Қазіргі таңда облыста 2583 орын болса, оның ішінде провизорлық 2194 құрайды. 337 инфекциялық орын бар. 725-і күндізгі стационарлық орындарға арналған. 12 шілдеден бастап клиникалық балалар ауруханасынан қосымша провизорлық 100 орын іске қосылады.

Ілмек сөздер: Ақтөбе облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір