Нью-Йорк Таймc статистикасы Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша әлемнің алдына шыққанын көрсетті. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды.

Нью-Йорк Таймс мәліметтер базасына сәйкес, соңғы екі аптада көптеген елдерде коронавируспен ауырғандардың көбейгені туралы хабарланған. Бүкіл әлемде бұрын-соңды болмаған жаңа жағдайлар тіркелген. Латын Америкасында, Африкада, Азияда және Таяу Шығыста ең қарқынды өсу пайда болған.

Нью-Йорк Таймс жариялаған картадан коронавирустың таралу қарқыны бойынша Қазақстан әлемнің алдына шыққанын байқауға болады. Басылымның статистикасы әлем елдерін "коронавирус көбейіп жатқан елдер", "вирустың таралуы тұрақты елдер" және "коронавирус азайып жатқан елдер" деп үш топқа бөлген. Қазақстан КОВИД-19 ең қарқынды көбейіп жатқан елдердің көш басында тұр. Басылым жариялаған картада коронавирус жағдайлары азайып жатқан елдер көк түске, вирустың таралуы тұрақты елдер сары түске, ал, КОВИД-19 көбейіп жатқан елдер қызыл түске боялған. Қызыл түстің солғын немесе қанық болуы сол елдегі коронавирустың көбею қарқынының баяу немесе тез екенін көрсеткен. Ал, Қазақстан картада қанық қызыл түспен боялған ел болып тұр. Ол әлем бойынша Қазақстанда коронавирустың ең жылдам таралып жатқанын білдіреді. Қазақстаннан кейін Австарлия мемлекетінің қызғылт түске боялғанын байқауға болады. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір