• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:44:21
Алматы
+35°

"Нұрсұлтан Назарбаевтың қанынан коронавирусқа қарасы вакцина жасалады" деген ақпарат таратқан "Панорама" дейтін ресейлік сатиралық сайт Қазақстанда бұғатталып қалды. Қазір ел аумағынан бұл сайт ашылмай тұр.

ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, сайтты тек VPN құралдары арқылы ашуға болады.

"Панорама" сайты Қазақстаннның экс-президенті Назарбаевтың қанынан коронавирусқа қарасы вакцина жасалады деген ақпаратты 2 шілде күні жариялаған.

мат

Ал кеше, 3 шілде Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сатиралық сайт жариялаған ақпаратты жоққа шығарған.

Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген 80 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев 18 маусымда коронавирус жұқтырған. Арада 14 күн өткен соң, 2 шілдеде оның жазылып шаққаны хабарланды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрсұлтан Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір