• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:46:28
Алматы
+35°

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Алматы қаласының аумағында 5 шілде 00.00-ден 2020 жылғы 20 шілде 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді.

Қала тұрғындарына эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтау қажет:
- 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеулер енгізіледі;
- адамдарды шақырумен және шоғырландырумен байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, астар және т. б.);
- жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маска тағу режімін және әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруларына болады. Сондай-ақ ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат.

Профилактикалық мақсатта көппәтерлі үйлердің подъездері мен аула аумақтарына дезинфекциялық шаралар аптасына 2 рет жүргізіледі, сонымен бірге, көшелер мен көпшілік орындарға, көппәтерлі үйлердің ошақ анықталған подъездеріне дезинфекция жасалады.

Covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында көрсетілген кезеңде жұқтыру қаупі жоғары келесі объектілердің қызметіне тыйым салынады:

- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмысына (оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері, дәріханалар және жазғы террассалар мен жеке кіретін есігі бар стационарлық тамақтану объектілері жұмысын жалғастырады);
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салу;
- жабық азық-түлік, сондай-ақ азық-түлік емес базарлар;
- жеткізу қызметін қоспағанда, 500 м²-тан асатын азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салу;
- балалардың сауықтыру лагерлері, білім беру орталықтарына, балалардың түзету кабинеттеріне, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), балалардың бос уақытын өткізетін орындар мен қосымша білім беру орындарына тыйым салу;
- мәдениет нысандары, мұражайлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да нысандар;
- діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалары.);
- ұлттық олимпияда комитеті акредиттеген спорт базарларын қоспағанда барлық спорт объектілеріне (спорт алаңдары, кешендер, үйірмелер, секциялар бассейндер және т.б.);
- СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттерінің қызметіне.

Сондай-ақ, 3 адамнан аспайтын жеке немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды, жиналыс, кеңес, конференция, форум, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адам көп шоғырландыратын басқа да іс-шараларды, сонымен қоса отбасылық, естелік үшін жасалатын іс-шаралар үйде де ашық алаңда да (банкет, той, мерейтой, ас, құдайы тамақ және т.б) өткізуге тыйым салу.

Қызметіне рұқсат етілген мекемелер:

- медициналық орталықтар (алдын ала жазылу арқылы) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және аймаққа бөлу талаптарын сақтай отырып;
- дәріханалар, азық-түлік дүкендері (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), (ғимараттардан тыс) азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;
- ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарына және ғимарат ішінде залда отыратын орындары 30-дан аспаған жағдайда, ұжымдық шараларды өткізусіз күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда. Тапсырысты сыртқа алып шығу және жеткізіп беру қызметіне рұқсат етіледі.
- үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың және ашық ауада құрылыс жұмыстарының қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары кемінде 80% қызметкерлерді қашықтьқтан жұмыс icтey нысанына ауыстыруды (штат кестесі 30-дан астам қызметкер болғанда) қамтамасыз етулері қажет.

Бірқатар нысандардың жұмыс форматы мен кестесіне шектеулер енгізіледі, олардың арасында:

- Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09.00-ден 16.00-ге дейінге режимде қызметкерлерінің кемінде 50% жұмысын қашықтықтан істеуге көшеді;
- Қаржы нарығы субъектілерінің қызметі уақыты мен саны бойынша шектеу бойынша қызмет етеді;
- «Қазпочта» АҚ-жұмыс күндері сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс кестесін орнатумен жұмыс істейді;
- халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілері (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника, химиялық тазалау және т. б.) уақытша кезеңде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істей алады;
- Бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, нотариустар, бухгалтерлер және консалтинг, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері және т. б.), айырбастау пункттері, ломбардтар жұмыс күндері және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып, жұмысын жалғастырады;
- туризм нысандары және қонақүйлерде тұратын адамдарға қызмет көрсету саласындағы ұйымдар (қонақүйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалары) өз қызметтерін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және тұратын адамдар (келушілер) 50%-дан аспаған жағдайда рұқсат етіледі. Қала өмірін қамтамасыз ететін ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің тұруына рұқсат етіледі; Аталған нысандарды медициналық ұйымдар ретінде қайта бағыттауға жол беріледі.

Қоғамдық көлік жұмысы келесідегідей тәртіппен реттеледі:

- қалааралық автобус тасымалдары тоқтатылады (бұл ретте өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүруге рұқсат етіледі);
- сенбі және жексенбі күндері қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің, соның ішінде Метрополитеннің жұмысы толық тоқтатылады;
- қалалық қоғамдық көлік, соның ішінде Метрополитен және қала маңындағы автобус маршруттары 50%-дан аспайтын жолаушымен жұмысын жалғастырады.
Айта кету керек, қоғамдық көліктерде дезинфекция күн сайын әр айналымнан кейін тұрақты түрде жасалады.

Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг және бақылау іс-шаралары жүргізілетін болады. Карантиндік режимді және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин шектеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір