• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:50:30
Алматы
+35°

Бүгін түнгі 00:00-ден бастап елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шаралары күшіне енді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынғанын мәлімдеген болатын.

Кейін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Осы кеңесте мемкомиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізу жөнінде шешім қабылдады.

Осыған сәйкес ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері А. Есмағамбетова 5 шілдеден бастап Қазақстан аумағында қатаң карантин шараларын енгізу туралы қаулы жариялаған болатын.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын да ескертті. Оның ішінде жеке тұлғалар 30 АЕК-ке (1 АЕК – 2778 теңге / 30 АЕК – 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге).

Сонымен қатар ол жүріп-тұруға ешқандай анықтамалар керек емес және қалалар мен өңірлер арасында блокбекеттер орнатылмайды деп атап өтті. Тек өңірлер арасындағы жолаушылар автобус қатынасы уақытша тоқтайды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір