• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:20:56
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан қазақстандықтардың барлығына аман-есен жазылып шығуына тілекші екендігін білдірді. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жариялады.

– Қадірменді халайық! Бәріміз де қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Бүкіл дүниемен бірге көріп жатқан нәрсе бұл. Мен ол қиыншылықтарды өз басымнан өткіздім. Осы кезде жанашырлық білдірген барлық жерлестеріме, отандастарыма шын көңіліммен тағы бір ризашылығымды айтқым келеді. Сіздердің Қазақстанның әр саласынан, әр түкпірінен, әрі өнеркәсіптен, мәдениеттен, спорттан, денсаулық сақтау жүйесінен маған айтып жатқан тілектеріңіздің арқасында күш-қуат алып, емделіп шықтым. Көп рахмет. Қазір де сырқаттанып жатқан, қиналып жатқан жандар бар. Солардың баршасы аман-есен шығады деп сенемін. Себебі оған сену керек. Көнбеу керек, жеңу керек. Біз одан күштіміз деп санасаңыздар барлығын жеңеміз. Біз көп нәрсені жеңіп келе жатқан батыр бабалардың ұрпағымыз. Құдай бұйыртса, бұдан да өтеміз. Енді менің туған күніне орай бүкіл дүниежүзінен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен құттықтаулар мен ізгі тілектер алып, оқып жатырмын. Құттықтау жолдаған барлық шет мемлекеттердің басшыларына, қайраткерлері мен саясаткерлеріне және қазақстандықтарға рахметін айтқан Тұңғыш Президенті баршаға шын көңілінен үлкен табыс, бақыт тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бұл нәубеттен де біз өтеміз. Ертеңгі күні жүзіміз жарқын болып, талай кездесетін боламыз, – деді ҚР Тұңғыш Президент.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір