• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:25:14
Алматы
+12°

Ағымдағы жылы Алматы қаласында тегін чиптеу бағдарламасының шеңберінде 3 мыңнан астам мысық пен шамамен 17 мың иттерді қамту жоспарланып отыр. Іс-шараны қалалық ветеринариялық қызмет мамандары жүргізеді.

​Бағдарламаның мақсаты — қаладағы үй жануарларының санын белгілеу, сондай-ақ олар жоғалған, ұрланған немесе аулауға түскен жағдайда, иелеріне жануарларын тауып алуға көмек көрсету.

​Сондай-ақ, қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру және олардың санының есебін жүргізу мәселесін шешуге бағытталған. Олардың пайда болуының негізгі себептері сол күйінде қалып отыр, яғни өз бетінше қыдыруға жіберу, жоғалту және көшеге тастау. Табылған жануарда чиптің болуы оны үйге қайтаруға немесе иесін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

​Осы жылы чиптеу аулаларды, әсіресе, жеке аулаларды, оларда үй жануарлары санының аса көп жиналуына қарай, жеке-жеке тексеру әдісімен жүргізіліп жатыр.

​Сонымен бірге, қызметті иттің немесе мысықтың кез келген ниеті бар иесі пайдалана алады. Иесінің тек өзімен бірге жеке куәлігі және жануарға берілген төлқұжаты болуы қажет. Төлқұжат болмаған жағдайда, оны сол орында ресімдейді. Жануар және оның иесі туралы барлық ақпарат Pet Control электрондық журналына енгізіледі. Бүгінгі күні, аталған бағдарлама қаланың барлық ветеринариялық емханаларында орнатылған.

​Тіркеу және чиптеу рәсімінің өзі 10 минуттан артық уақытты алмайды, сондай-ақ оның жануар үшін мүлдем зияны және ауыртпалығы жоқ. Укол салатын кезде бір рет қана салатын шприцтер пайдаланылады, бұл үдеріс кезінде инфекция түсуден толығымен сақтайды.

​Барлық қызықтырған мәселелер бойынша қызметтер немесе кеңестер алу үшін, қала тұрғындары 378-46-62, 269-90-06 нөмірлері бойынша Қалалық Ветеринариялық Қызметке қоңырау шала алады. Тапсырыстар жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады. Ветеринариялық маманның келуі тексеру жүргізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

​Чиптеу жануар иесінің қалауы бойынша, өз еркімен келісу негізінде жүргізілетінін қосымша хабарлаймыз. Қала тұрғындарының жұмыс жүргізу кезінде ветеринариялық дәрігерлерге көмек көрсетулерін сұраймыз. Іс-шара қыркүйек айының соңына дейін ұзартылады.

​Үй жануарларын чиптеу бағдарламасының Алматы қаласында 2017 жылы іске қосылғанын естеріңізге саламыз. Өткен жылдар ішінде бағдарлама шеңберінде шамамен 125 мың ит пен мысық тегін чиптелді.

Чиптеу деген не?

Чиптеу — бұл жануарларды (а/ш жануарларын, иттер мен мысықтарды) электрондық бірдейлендіру. Рәсім жануардың терісінің астына бірегей жеке 15 таңбалы саннан тұратын микрочип салу имплантациясынан тұрады, ол жануардың бүкіл өмірінің ішінде онымен бірге болады.

Микрочип — биоүйлесімді әйнектен тұратын, үлкендігі күріштің дәніндей, ұзындығы бар болғаны 12 мм, диаметрі 2,1 мм және салмағы 0,6 г. мөлшеріндегі оқшау стерильді капсула. Капсуланың ішінде катушкадан және микросызбадан тұратын микрочиптің өзі орналасқан.

Капсулаға микрочипті орналастыру — жеңіл, тез және ең бастысы ауыртпай, жалпы наркоз қолданбай-ақ жүргізілетін рәсім, себебі микрочиптің мөлшері өте кішкентай және ол терінің астына жеңіл өтеді, алайда, жануарды чиптеуді кәсіби — ветеринариялық маманға жасату қажет.

Жануарды чиптеу кез келген жаста жүргізіледі, себебі жануардың жасының чиптің орналасуына әсері жоқ және оның ағзасына реакция бермейді.

Чиптеу не үшін қажет?

Чиптеу келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:
- бір жануарды екінші жануармен ауыстыруға мүмкіндік бермейді;
- Құтыру ауруына қарсы вакцина егілмеген және басқа да жұқпалы ауруы бар жануарларды тасымалдауға жол бермейді;
- жануары жоғалған, ұрланған немесе аулауға түскен жағдайда, оны тауып алуға мүмкіндік береді;
- біреудің жануарын тапқан кезде, ветеринариялық мамандармен байланысып, иесін және оның мекенжайын анықтауға мүмкіндік береді;
- чиптеу қандай да бір жануардың иелерінің арасындағы даудың бұлтартпас дәлелі болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір