• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:49:43
Алматы
+35°

Британиялық "Дейли Экспресc" басылымының ақпаратынша, Трамптың ядролық қаупі Ресеймен арадағы қайшылықтың негізгі "білтесі" болуы мүмкін. 

Басылымның жазуынша, шетелдік қорғаныс мамандары "АҚШ президенті Дональд Трамптың Германиядан Польшаға ядролық қаруларды көшіру туралы қауіп-қатері Ресеймен қарым-қатынастағы маңызды қадам" деп мәлімдеп, бұл қадамның Мәскеуге ядролық қауіп ретінде қарастырылатынын ескерткен. 

Трамп Берлинді НАТО-ға төлеген төлемдеріне байланысты айыптағаннан кейін 9,500 әскерді Германиядан шығарды.

Американың Польшадағы елшісі Джорджетт Мосбахер Германияда орналасқан ядролық зымырандарды көшіру туралы "Өзінің әділ үлесін төлейтін, қауіп-қатерді түсінетін және НАТО-ның шығыс қапталында тұрған Польша бұл мүмкіндіктерге ие болуы мүмкін" деп мәлімдеген. 

КСРО-ның құрамында болған Польшада мұндай қадам қарама-қайшылықты жағдайды туындатуы ықтимал.

Британиялық және америкалық ақпараттық және қауіпсіздік кеңесінің (BASIC) бірлескен директоры Марион Мессмер "Еуропалық контекстегі стратегиялық қатерлерді төмендету" деп аталатын жаңа баяндамасында өзінің алаңдаушылығын жариялаған. Онда ол Еуропадағы қақтығыстардың жаңа қаупі туралы ескерту жасаған.

– Егер Трамп әкімшілігі ядролық қаруларды Германиядан Польшаға көшірер болса, Еуропа мен Ресей қайшылықтары өршуі мүмкін, өйткені бұл Ресей- НАТО актісін бұзу болып есептеледі, – деп мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір