• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:01:16
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрі-дәрмектер дәріханаларда қашан болатынын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

– Қоймалардан дәрі-дәрмектер жеңілдетілген бағамен көтерме сауда компанияларына келеді. Дәрі-дәрмектер сауда орындарына тікелей сатылатын болады. Біз бұл кедергіні жойдық. Қысқа мерзімде дәрі-дәрмектер нарықта қолжетімді болады, – деді Алексей Цой.

Сондай-ақ ол әр облыста әкімдіктер жанынан арнайы топтар құрылып, олар дәрі-дәрмектердің белгіленген баға шегінде сатылуын қадағалайтын болады деп атап айтты.

Соңғы уақытта дәріханаларда парацетамол, аспирин, цитрамон секілді дене қызуын түсіруге арналған дәрілер тапшы. Тұрғындар қажетті препараттарға қол жеткізе алмай дәріханалар алдында ұзын-сонар кезекте тұрғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір