• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:08:42
Алматы
+35°

Коронавирусқа байланысты әлем елдернің статистикасын жариялап отыратын Worldometers.info сайтының 7 шілдедегі дерегінше, АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты. Бұл ел – үш миллионнан астам азаматынан COVID-19 анықталған әлемдегі жалғыз мемлекет. 

328 миллионнан астам халқы бар бұл елдің 130 мыңнан астам азаматы коронавирустан көз жұмған. Қазір АҚШ вирус жұқтырғандар жөнінен де, өлім фактсі бойынша да әлем елдерінің арасында көш бастап тұр. Дүниежүзі бойынша вирус жұқтырғандардың төрттен бірі дәл осы АҚШ-та. 

1,6 миллионнан астам халқынан коронавирус табылған Бразиялия екінші орында. Бұл елде індеттен көз жұмғандар саны 65 мыңнан асты.

Миллиардтан астам халқы бар Үндістан 7 шілде күні вирус жұқтырғандар саны жөнінен Ресейден озып, үшінші сатыға орнықты. Бұл елде індетке шалдыққандары саны – 721 310, көз жұмғандар саны –  20 184. 

Соңғы мәлімет бойынша, әлемнің 21 елінде коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан жоғары. 

Өткен тәулікте 1109 адамнан COVID-19 табылған Қазақстан дүниежүзілік статистикада 34-орында тұр.  Қазір елде вирус жұқтырған саны 50 мыңға жуықтап, көз жұмғандар 264-ке жеткен.

Worldometers.info сайтының дерегінше, дүниежүзінде бүгінгі күнге дейін  11 756 373 адамнан COVID-19 анықталған. 541 мыңнан астам коронавирустан көз жұмған. 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір