• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:17:54
+35°

India Times жаңалықтар қызметі Қытай мен Үндістан арасындағы даулы Ладах аймағындағы нақты бақылау сызығына 30 мың үнді әскерінің жіберілгенін жазды, деп хабарлайды Қамшы тілшісі.

Бұл жағдай Үндістан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Аджит Довал мен Қытай сыртқы істер министрі Ван И арасындағы шиеленісті басу туралы келіссөздерден соң, Бейжің "өзінің аумақтық егемендігін қорғайды" деп мәлімдеме жасағаннан кейін басталған.

Үндістан үкіметінің дереккөздері өткен айда даулы Ладах аймағындағы Қытай әскерлерімен қақтығыста Үндістанның 20 әскери қызметкері қаза тапқанын мәлімдеген болатын. Бейжің қақтығыстан қанша адамның көз жұмғаны туралы ақпарат бермеді. Алайда үндістандық БАҚ "43 қытай әскері қаза тапты" десе, АҚШ барлау қызметі "кем дегенде 35 қытайлық сарбаз өлді" деп хабарлаған. Дүйсенбіде Үндістан басылымдары Қытай тарапы әскерлерді шығаруды бастағанын жариялаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Үндістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір