• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:56:42
Алматы
+35°

Бүгін, 8 шілде күні театр және кино актері Дархан Дайырбек  ауруханада қайтыс болды. Бұл ақпаратты актер Асқар Наймантаев хабарлады. 

"Қайтейін-ай! Алыста болып аңырап, жырақта жүріп жер сипап қалдым-ау, ағайын! Жаным-оу, Дархан-оу, енді қайтем! Таныстың бәрін жұмылдырсақ та тынысыңды аша алмадық қой… Жан досың, серігің Ұлан күндіз түні жоғыңды жоқтап, кергегіңді жеткізсе де араша бола алмадық… сенің жұтар бұр жұтым суың, терең дем алар ауаң бола алмадым… Терісқақпайдың да қатары сөгілді халқым, оны енді бүтіндей алмаймын…Бақұл бол!» деп жазды Асқар Наймантаев. 

Дархан Дайырбектің нақты неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. 

52 жастағы Дархан Дайырбек – Алматы облысы Райымбек ауданының тумасы. "Терісқақпай" әзіл-сықақ театрының әртісі. Ол көптеген фильмдер мен сериалдарда ойнаған. Көбіне коммедиялық жанрдағы фильмге түсетін. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дархан Дайырбек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір