08 Шілде, 2020 NEWS

Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен дүниежүзілік статистикада тағы бір саты жоғарылады

көрнекі сурет

Коронавирусқа байланысты дүниежүзілік статистиканы жариялап отыратын Worldometers.info сайтының 8 шілдедегі дерегінше, Қазақстан әлем елдерінің арасында вирус жұқтырғандар саны жөнінен бір саты жоғарылап, 33-орынға тұрақтады. 

Кеше Қазақстан бұл тізімде 34-орында тұрған. Бүгін 1309 адамынан COVID-19 анықталған Қазақстан өзінен бір саты жоғары тұрған Нидерландыдан озды.

Соңғы ресми ақпаратқа сай, елде коронавирус жұқтырғандар саны – 51 059. Дүниежүзілік статистикада Қазақстаннан бір саты жоғары тұрған Кувейтте вирус жұқтырғандар саны Қазақстанмен шамалас. Бұл елде 51 245 адамнан COVID-19 анықталған.

Дүниежүзілік статистикада Қазақстанның алдында тұрған елдердің көбінің халқы Қазақстандікінен көп. 

Қазір әлемде COVID-19 ­өлімі және жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Бұл елде COVID-19-ға шалдыққандар саны 3,1 миллионға жуықтады. Вирустан қайтыс болғандар – 133 972 адам. АҚШ билігі елде коронавирус өршіп, жұмыссыздық көбейген кезде БҰҰ-ға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми мәлімдеді. 

Worldometers.info сайтының 8 шілдедегі дерегінше, дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 12 миллионға жуықтады, 546 мыңнан астам адам вирустан көз жұмды.

Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір