• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:38:22
Алматы
+35°

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиология орталығында ем алып жатыр. Әкімге ентігу мен жүрек қан тамырларының жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. 

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты.

– Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлында коронавирус үш апта бұрын анықталған болатын. Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек қан тамырларының жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтандағы кардиология орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады, – деді Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.

– Оның жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі, – деді Байжұманов.

Амандық Баталовтың 22 маусым күні коронавирусқа тапсырған соңғы ПТР тесті оның Covid-19 жұқтырғанын көрсеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір