• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:39:43
Алматы
+35°

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 8 шілдедегі дерегі бойынша, соңғы тәулікте елде 1962 адамнан коронавирус табылды. Елде бұған дейін бір күнде дәл мұнша адамнан COVID-19 анықталмаған. 

Соңғы тәулікте 658 тұрғынынан коронавирус табылған Атырау облысы вирус жұқтырғандар саны бойынша өңірлер арасында көш бастады. Бұл облыста індетке шалдыққандар саны 6814-ке жетті.

Соңғы ресми ақпаратқа сай, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – 53021. Осы уақытқа дейін олардың 35137-і ауруынан айығып, 264-і көз жұмды. 

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы екі тәулікте өлгендер туралы мәлімет таратқан жоқ. 

Қазақстан вирус жұқтырғандар саны бойынша әлем елдерінің арасында 32-орында тұр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронаивирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір