09 Шілде, 2020 NEWS
Facebook парақшасынан алынды
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов коронавирустан қалай емделіп жатқанын айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
– Мойындау – ерліктің үлкені, ал жанашырлық – адамдықтың белгісі. Ардақты ағайын! Қадірменді жанашыр достарым! Құрметті жерлестер!
Басымнан өткен қиындықтар тірі жанның басына бұйырмасын деп тілеймін. Осы ретте, барынша сақтық шараларын орындау қажеттілігін тағы бір мәрте естеріңізге салуға рұқсат етіңіздер. Ең маңыздысы: бетперде, достар! Арақашықтық! Тазалық! Өтініш, "сақтанғанды сақтайды" демекші сақ болыңыздар! Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық!, – деп жазды әкім желідегі парақшасында.
Қала әкімі барша қазақстандықтарды қиын қыстау шақта қолдау білдіріп, көмек қолын созуға шақырды.
– Еліміздегі бұл жағдайды бәріміз де көріп отырмыз. Жоққа шығаруға тырысудың, көз жұма қараудың еш мәнісі болмаған, қазір де жоқ. Сіздерге деген үлкен өтініш: қиын қыстау заманда елімізге бірігіп қол ұшын созайық. Біздің қолдан келмегенді сіздер жасай аласыздар. "Халқым үшін бармын!", "Қолдауға шамам жетеді!" дегендеріңізді жекеге жазуларыңызды өтінемін. Қазір қандай да көмек маңызды!, – деп сөзін түйіндеді.
Бұған дейін елде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, депутат Бекболат Тілеухан, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли және тағы басқа да шенеуніктер вирус жұқтырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір