• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:05:29
Алматы
+35°

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын айтты. 

– Ішкі істер органдары елде құқық бұзушылық әрекеттерді анықтау барысында әлеуметтік желіде күн сайын жалған ақпараттың таралуы жиілеп кеткенін көрсетті. Біз мұндай хабарламаларды тексеріп отырамыз. Қазіргі уақытта мұндай эпидемиологиялық жағдайларды жеке тұлғалар аудиторияның назарын аудару үшін пайдаланады. Олар ақпараттың шынайылығына көз жеткізбейді. Осылардың ішінде ең көп таралған аудиохабарламалар: "вирус елді мекенге ұшақтар мен тікұшақтардың көмегімен шашыратқан", "Қазақстанға биохимиялық қару шашыратқан" және т.б. "Facebook" және "Instagram" әлеуметтік желілерінде кей пайдаланушылар "Бүгінгі аурудың өршуі биологиялық қару-жарақпен химиялық шабуылдан орын алуы мүмкін" деп хабарлама таратты, – деді министр.

Ол бұл хабарламалардың барлығы расталмаған және шындыққа жанаспайды деп атап айтты.

– Осы және басқа да ұқсас фактілер бойынша ІІМ тергеу департаменті қылмыстық кодекстің 274-бабы "Біле тұра жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Мұнда айыпталушыға айыппұл, түзеу жұмыстары, 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру түріндегі жаза қолданылады. Мен азаматтарды ресми деректерге ғана сенуге, арандатуларға ұшырамауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырамын, – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір