• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:15:09
Алматы
+35°

Бүгін, 9 шілде күні Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды. Бұл туралы бірнеше әнші Instagram-да жазды.

Композитордың нақты неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. 

Кеңес Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.  1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған.

Дүйсекеевтің жетекшілігімен "Тамаша", "Халық – талант қайнары", "Шабыт", "Жастарға арналған музыкалық кештер", "Музыка әлемінде" т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды.

1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі.

Ол – "Толғау" симфониясының (1984), "Жалаңтөс батыр" симфония поэма-картинасының (1996), "О, дүние" кантатасының (1997), "Жыл мезгілдері" романстар циклінің (1991), "Мәди", "Аққу Жібек" мюзиклінің, "Алдар көсе" опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Кеңес Дүйсекеев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір