• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:00:52
Алматы
+35°

Үкіметтің кейтілген отырысында президент дағдарыспен күреске бөлінген қаржының жұмсалуы тексеріліп, бюджет шығындары қысқаратыны туралы айтты.

– Үкімет Есеп комитетімен бірлесіп 15 қазанға дейін дағдарыспен күресу үшін бөлінген қаражатты жұмсаудың тиімділігіне талдау жасауы қажет. Талдау өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар ерекшелігін ескере отырып жасалуы керек. Онда әрбір министр мен әкім бойынша қорытынды тұжырымдар болуға тиіс, –  деді Тоқаев.

Президент сондай-ақ бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, ең бірінші, тиімсіз шығындарды қысқартудан басталуы керектігін айтты.

– 2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1,6 трлн теңгені қысқарту жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл нашар көрсеткіш емес, –  деп атап өтті президент.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір