• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:08:32
+35°

Бүгін, 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам алдында ұпай жинауды көздемейтінін айтты. 

Президенттің сөзінше, осы отырыс алдында өзіне үкіметті түгел отставкаға жіберу туралы кеңес берілген, бірақ ол "ұпай жинап алуды көздемейтінін" айтып, ұсыныстан бас тартқан. 

– Маған кейбір аймақтағы және ведомстволардағы бірінші басшыларды жұмыстан босату, тіпті үкіметті түгел отставкаға жіберу туралы кеңес берілген. "Қоғам бұл әрекетіңізді дұрыс қабылдайды, ұпай жинап аласыз" деген ой айтылды. Алайда маған қазір ұпай керек жоқ. Мен жауапты адамдарды тыңдауға дайынмын. Бірақ халық алдында ойын ұйымдастыруды жөн деп есептемеймін. Қазір ондай жаста да, жағдайда да емеспін, – деді Тоқаев. 

Президент бүгінгі өткен отырыс барасында коронавирус инфекциясына байланысты екі аптаға енгізілген карантин елде жағдайды түземесе, үкіметтің қазіргі құрамына байланысты мәселе туындайтынын да айтқан еді. 

Қазақстанда қазір коронавирус пен пневмония өршіп тұр. Ауруханаларда орын жетіспейді, дәріханаларда дәрі тапшы. Соңғы ақпаратқа сай, елде наурызда басталған коронавирусты 55 мыңға жуық адам жұқтырған. Билік 5 шілдеден бастап екі аптаға карантин енгізді. Бірақ елде вирус жұқтырғандар саны күн сайын өсіп жатыр. Қазақстан вирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде 31-орында.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір