• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:41:32
Алматы
+35°

Осыдан үш күн бұрын Алматы қаласы Қалқаман ықшамауданындағы мәйітхана алдында таңнан бері кезекте тұрған халық көп болған. Мейітхана маңына жиналғандар туыстарының мүрдесін ала алмай сағаттап кезекте тұрған. Айтуларынша, қайтыс болғаны туралы анықтама қағаз кешіктіріліп берілген.

Ал бүгін мәйітхана алдында дүрбелең жоқ. Азаматтар еш кедергісіз кезек-кезек жақындарының денесін алып кетіп жатыр.

Соңғы статистикаға сүйенсек елде 54 747 адам коронавирус жұқтырған. Оның 31 815-і індеттен айыққан. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын аптасына бір рет жариялау туралы шешім шығарған. Соңғы дерекке сай, елде 264 науқас коронавирустан қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір