• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:37:39
Алматы
+12°

10 Шілде, 2020 NEWS

"Бұл бюракратия": Дәулет Төлеутайұлы Тоқаевқа видеоүндеу жолдады

"СК Фармация халықтың сенімен айырылып отыр, оларға жеткен гуманитарлық көмектердің барлығы өзіңіз көргендей екі-үш ай бойы халыққа жетпей қоймада жатыр"

Qamshy.kz

Белгілі блогер, журналист, экономист Дәулет Төлеутайұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Ол халықтың жинаған ақшасына алынған 125 тыныс алу аппаратын СК Фармация таратуына қарсылығын білдірді.

"Құрметті ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мен Дәулет Төлеутайұлы блогер, журналист, экономист. Жалпы біз өз оқырмандарымызбен, Айнұр Тұрсынбаева қоры, Элмира Ешниязова, Жанат Бақыт секілді қоғам белсенділерімен бірігіп 125 оттекті аппаратқа бір тәуліктің ішінде ақша жинаған едік. Қазір ол Түркияда тұр. Бері қарай келейін десе оны бір ғана оператор СК Фармация қабылдап, тарату керек екен. Менің салған жазбама сенат депутаты Дана Нұржігіт араша түсіп, вице-министр Людмила Витальевна хабарласты. Ол маған елдегі заңдарды түсіндірді, яғни заң аясында сол СК Фармация қабылдайды екен немесе әрбір елді мекеннің әкімшілігімен біз келісімшартқа отыруымыз керек екен. Құрметті Президент мырза, мұның барлығы уақытты алады. Бұл бюрократия. СК Фармация халықтың сенімен айырылып отыр, оларға жеткен гуманитарлық көмектердің барлығы өзіңіз көргендей екі-үш ай бойы қоймада жатыр халыққа жетпей. Сондықтан халықтың ешқайсысы сенбейді" делінген үндеуде.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Барынша РЕПОСТ ЖАСАСАҚ ЕКЕН. Қоғам белсенділері қайдасыздар? Журналист әріптестерім, көмек керек! Уақыт тығыз!!! #Жанайқай Денсаулық сақтау вице-министрі жаңа хабарласты. Оның айтуынша, елге келетін көмектер тек СК-Фармация арқылы жүзеге асады!!! Немесе жеке әкімдікпен! Сонда біз 125 әкімнен жауап алып, келісім жасауымыз керек! Бұл деген БЮРОКРАТИЯ!!! @tokayev_online @berikuali @erlankarin2019 ?Парақшам ашық тұр!

Публикация от Қазақтың ДӘУЛЕТі (@dauletten)

 

Еске салсақ, осыдан бұрын айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаевада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір