Қасым-Жомарт Тоқаев екі шенеунікті қызметінен босатты

/image/2020/07/11/crop-70_13_515x687_200710214306760e.jpg

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады.

"Мемлекет Басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бүгінгі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша «СҚ-Фармация« ЖШС-ның Басқарма төрағасы Б.Ш. Шәріп қызметінен босатылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры« КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды" делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген бүгінгі отырысында МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын.

– Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

– Кейінгі кезде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының айналасында әртүрлі әңгіме өршіп кетті. Меніңше оның басшылығына іскерірек әрі жауаптырақ адамды қою керек, – деді Президент.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар