• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:52:44
Алматы
+12°

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы үндеу жолдап, санаулы сағат ішінде халықтың жан-айқайы президентке жетіп, мәселе оң шешімін тапты деп хабарлады.

Еске сала кетейік Айнұр Тұрсынбаева өзінің instagram парақшасы арқылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа  үндеу жолдаған.

Ақын биліктегілерден Түркиядан сатып алынғалы отырған тыныс алу аппараттарын жеткізуге жәрдемдесуді сұраған болатын.

– Құрметті менің оқырмандарым! Санаулы сағат ішінде біздің жанайқайымыз президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін жетіп, мәселе оң шешімін тапты. Халықтан жиналған ақшаға алынған оттегі аппараттарын өзіміз тарататын болдық.

Біздің әлеуметтік желіге жариялаған постқа үнсіз қалмай, бірден мәселені шешуге көмектескен мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге, президент кеңесшісі Тамара Дүйсеноваға, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға, сенат депутаты Дана Нұржігітке, президент аппаратына, кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге, қоғам белсендісі Динара Сәтжанға алғысымызды білдіреміз.

Ал ең үлкен алғыс - Алладан кейінгі екінші есім халыққа алғысымыз зор! Сіздер болмасаңыздар, сіздер қолдамасаңыздар бұл мәселе мүлдем шешілмейтін еді. Екі-үш адамның жан-айқайы жетпейтін еді. тағы бір қуанышты жаңалық - елге 125 емес, 225 аппарат жеткізетін болдық. Қорға тағы да ақша түсуде. Тіпті, ақша жетіп жатса, 500 жіберуге мүмкіндік туды, – деп жазды Тұрсынбаева.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Құрметті менің оқырмандарым! Санаулы сағат ішінде біздің жан-айқайымыз президентіміз @tokayev_online -ға дейін жетіп, мәселе оң шешімін тапты. Халықтан жиналған ақшаға алынған оттегі аппараттарын біз өзіміз тарататын болдық. Біздің әлеуметтік желіге жариялаған постқа үнсіз қалмай, бірден мәселені шешуге көмектескен @berikuali , Президент кеңесшісі Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға, Сенат Депутаты @dana_nurzhigit, Президент аппаратына, @kudaibergen_kairat -ге, қоғам белсендісі @dinarasatzhan-ға алғысымызды білдіреміз. Ал ең үлкен алғыс - Алладан кейінгі екінші есім ХАЛЫҚҚА АЛҒЫСЫМЫЗ ЗОР! СІЗДЕР БОЛМАСАҢЫЗДАР, СІЗДЕР ҚОЛДАМАСАҢЫЗДАР БҰЛ МӘСЕЛЕ МҮЛДЕМ ШЕШІЛМЕЙТІН ЕДІ. ЕКІ-ҮШ АДАМНЫҢ ЖАН-АЙҚАЙЫ ЖЕТПЕЙТІН ЕДІ. ТАҒЫ БІР ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ - ЕЛГЕ 125 ЕМЕС, 225 АППАРАТ ЖЕТКІЗЕТІН БОЛДЫҚ. ҚОРҒА ТАҒЫ ДА АҚША ТҮСУДЕ. ТІПТІ, АҚША ЖЕТІП ЖАТСА, 500 ЖІБЕРУГЕ МҮМКІНДІК ТУДЫ. Оған тікелей менің @aidyn_nury_qory, @dauletten_qory, @elmira_eshniyazova қоры тікелей атсалысады. Бұл біздің жеңіс! Барлық белсенділерге тағы да алғыс. "AidynNury” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ РЕКВИЗИТТЕРІ: ⠀ Жеке тұлғалар үшін: ?ФОРТЕБАНК: 4272 7482 1023 8108 Tolganay Baktygali ?Kaspi Gold: 5169 4971 1877 3666 Каспи терминал: 940 217 450 177 Толғанай Бақтығалиқызы ?СБЕРБАНК: 5392 1500 0571 2755 Tolganay Baktygali ⠀ Заңды тұлғалар үшін: ЧФ «Благотворительный фонд AidynNury» БИН 200140019779 АО «Kaspi Bank» ИИК KZ64722S000003247705KZT КБе - 18 БИК CASPKZKA

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір