• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 17:36:42
Алматы
+12°

Оттегі аппаратын сатып алуға қаржы жинап бастаған белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы бүгінде елден 52 миллион теңгеге жуық қаражат жиналғанын хабарлап, денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой аппаратты жеткізуге тегін ұшақ ұйымдастырып жатқанын жазды.

"Қазірге менде жиналған қаржы 51 900 000 теңге.

Министр А. Цой тегін ұшақ ұйымдастыру жағын қарастыруда. Егер ұшақ мәселесі шешілетін болса, онда бұл қаржыға 500 дана оттегі концентраторын сатып ала аламыз. Мен тапсырыс беріп жатқан заводқа Шұғыла қайырымдылық қоры да тапсырыс беріп жатыр екен. Енді осы қормен бірігіп министр А. Цойдан 1500 дана концентраторды Қазақстанға тегін жеткізіп беруін сұрап жатырмыз. Қолдауларыңыз қажет. Ұшақ ойдағыдай шешілсе, бір аптада оттегі концентраторлары Қазақстанға жетеді. Үлес қосып жатқан баршаңыздан Алла разы болсын!

АКЦИЯ жалғасуда" делінген Қайрат Жолдыбайұлының желідегі жазбасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір