• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:18:20
Алматы
+35°

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында 24 сағат ішінде азаматтардан 825 аппарат, 825 оттегі концентраторының қаржысы жиналғанын жариялады. 

Ол қомақты қаражатты жинау үшін қалталы азаматтарға жалынғанын, қажетті жағдайда өлеңдетіп сұрағанын атап өтті.

– Айналдырған 5 күнде 825 АППАРАТТЫҢ қаржысын жинап тастадық. Оңай болған жоқ! Экономист Дәулет Төлеутайұлы, қоғам белсендісі Динара Сәтжан үшеуміз 24 сағат телефонда отырып жеткен жетістігіміз осы болды. Кішкене көпшік қойып жіберсеңіздер 1000-ға жеткізіп тастауымыз мүмкін. Қалталы азаматтарға жалынып жаздық, өлеңдетіп жаздық. Кімнен, қалай жинағанымызды айтып миларыңызды шірітпей-ақ қояйын. Кімнің қанша бергенін де айтпай-ақ қояйын. Себебі қара халықтың тиындап бергені қалталы байдың миллионынан құнды, – деді Тұрсынбаева.

Оның айтуынша, 125 аппарат Түркиядан бүгін жеткізіледі. 700 аппарат 10-15 күннің ішінде Қытайдан әкелінеді.

– Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таратуға көмектесетінін айтып қуантып жатыр. Айтпақшы, осы оттегі концентраторы туралы идея қайдан шыққанын айтайын. Фейсбукті ашсам қаптаған "иманды болсын", инстаграмда да да сол. Ватсапта да сол. Дәрі-дәрмек іздеп еңіреген халық. "Түркиядан дексаметазон жібер, антибиотик жібер" деп жылаған жұрт ватсапқа тыным бермеді. Сонымен 5 миллион теңгені салып алып, Сәтжан Тоқтарбайды ертіп Стамбулдан парацетомол мен антибиотик іздеп шықтық. Мен ИВЛ мен концентратор дегенді көрмек түгіл естімеппін. Дәріханада кезекті тұрып "мынау не нәрсе" деп сұрай салдым. Сөйтсем өкпесі қысылған жұртқа оттегі беретін ең қажетті дүние екен. "Ойбай-ау, бағасы қанша?!" "200 мыңдай!" Өй, жұртты шыбынша қырып бара жатқан аурудың емі түкке тұрмайтын ақша ғой құрсын, осыны алайық дедім. Инстаграмды бір шулатып 25 аппаратты сатып алдым. Ертесіне Қайрат Жолдыбайұлы хабарласып мән-жайды білді де ақша жинауды бастап кетті.

Кеше басқа бір кәсіпкер азаматтар Қытайдан 500 апаратка тапсырыс беріпті деп естідік. Не керек 5-6 күннің ішінде жұрттың бәрі аппарат іздеп кетті. Құдай-ау осыны алыңдар деп неге бізге ертерек айтпады дәрігерлер деп қоям. Ең болмаса 1 ай бұрын қимылдасақ қаншама адамды аман алып қалар ма едік. Естуімше көптеген науқастар ауа жетпей тұншығып бастағанда жүректері қорқыныштан жарылып өліп кетеді екен. Айналдырған 3-4 блогер осынша ақша жинағанда бизнесмендер Қазақстанға аппаратты үйіп тастайды ғой. Жағдай ауыр! Күзде тағы келеді дейді бұл тажал. Қамданайық қазағым!, – деп жазды желідегі парақшасында. 

Бұған дейін айтыскер ақын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы үндеу жолдаған. Кейіннен үндеу президентке жетіп, мәселе оң шешімін тапқанын айтқан.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Ал сүйінші!!! 825 АППАРАТ!825 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ! 825 АУРУХАНА!@aidyn_nury_qory Иә, айналдырған 5 күнде 825 АППАРАТТЫҢ қаржысын жинап тастадық..Оңай болған жоқ! @dauletten @dinarasatzhan үшеуміз 24 сағат телефонда отырып жеткен жетістігіміз осы болды.. Кішкене көпшік қойып жіберсеңіздер 1000-ға жеткізіп тастауымыз мүмкін?Қалталы азаматтарға жалынып жаздық,өлеңдетіп жаздық..Кімнен, қалай жинағанымызды айтып миларыңызды шірітпей-ақ қояйын.Кімнің қанша бергенін де айтпай-ақ қояйын.. Себебі қара халықтың тиындап бергені қалталы байдың миллионынан құнды!125 аппарат Түркиядан бүгін жетеді.700 аппарат 10-15 күннің ішінде Қытайдан келеді.Денсаулық сақтау министрі @alexey_tsoy таратуға көмектесетінін айтып қуантып жатыр.. Айтпақшы, осы оттегі концентраторы туралы идея қайдан шыққанын айтайын. Фейсбукті ашсам қаптаған "иманды болсын", инстаграмда да да сол..Ватсапта да сол. Дәрі-дәрмек іздеп еңіреген халық.. "Түркиядан дексаметазон жібер, антибиотик жібер" деп жылаған жұрт ватсапқа тыным бермеді.. Сонымен 5 миллион теңгені салып алып, @satjan_toktarbay-ды ертіп Стамбулдан парацетомол мен антибиотик іздеп шықтық...Мен ИВЛ мен концентратор дегенді көрмек түгіл естімеппін.Дәріханада кезекті тұрып "мынау не нәрсе" деп сұрай салдым.Сөйтсем өкпесі қысылған жұртқа оттегі беретін ең қажетті дүние екен.. "Ойбай-ау, бағасы қанша?!" "200 мыңдай!" Өй, жұртты шыбынша қырып бара жатқан аурудың емі түкке тұрмайтын ақша ғой құрсын, осыны алайық дедім.Инстаграмды бір шулатып 25аппаратты сатып алдым. Ертесіне @kairatzholdybaiuly хабарласып мән-жайды білді де ақша жинауды бастап кетті. Кеше басқа бір кәсіпкер азаматтар Қытайдан 500 апаратка тапсырыс беріпті деп естідік. Не керек 5-6 күннің ішінде жұрттың бәрі аппарат іздеп кетті..Құдай-ау осыны алыңдар деп неге бізге ертерек айтпады дәрігерлер деп қоям.Ең болмаса 1 ай бұрын қимылдасақ қаншама адамды аман алып қалар ма едік.Естуімше көптеген науқастар ауа жетпей тұншығып бастағанда жүректері қорқыныштан жарылып өліп кетеді екен. Айналдырған 3-4 блогер осынша ақша жинағанда бизнесмендер Қазақстанға аппаратты үйіп тастайды ғой.Жағдай ауыр!Күзде тағы келеді дейді бұл тажал.Қамданайық қазағым!

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір