• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:18:54
Алматы
+35°

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі соңғы аптада коронавирустан қайтыс болғандар туралы ақпаратты жариялады. 7-12 шілде аралығында ел бойынша КВИ-дан 111 адам көз жұмған.

Қайтыс болғандар туралы дерек төменде ұсынылып отыр.

Ақмола облысы – 1:
1967 жылы туған ер адам.

Ақтөбе облысы – 5:
1987, 1956 және 1946 жылдары дүниеге келген әйел адамдар, 1936 және 1970 жылдары туған ер азаматтар.

Батыс Қазақстан облысы – 5:
1946, 1937, 1936 және 1971 жылдары дүниеге келген әйел адамдар, 1948 жылы туған ер адам.

Қызылорда облысы – 4:
1947 жылы туған әйел адам, 1958, 1947 және 1949 жылдары туған ер адамдар.

Қарағанды ​​облысы – 37:
1966, 1943, 1940, 1975, 1960, 1961, 1933, 1956, 1951, 1948, 1952, 1955, 1937, 1940, 1963, 1942 және 1950 жылдары туған ер азаматтар, 1957, 1965, 1957, 1941, 1964, 1956, 1948, 1955, 1942, 1968, 1964, 1961, 1952, 1959, 1952, 1975, 1965, 1951, 1936 және 1940 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Маңғыстау облысы – 4:
1977 жылы туған ер адам, 1935, 1947 және 1961 дүниеге келген әйел адамдар.

Түркістан облысы – 7:
1973, 1966, 1944, 1970 және 1962 жылдары туған ер адамдар, 1956 және 1954 дүниеге келген әйел адамдар.

Павлодар облысы – 1:
1969 жылы туған әйел адам.

Нұр-Сұлтан қаласы – 18:
1970, 1958, 1948, 1946, 1955, 1958, 1955, 1945, 1965 , 1965 және 1942 жылдары туған ер адамдар, 1946, 1981, 1936, 1950, 1945, 1941 және 1950 дүниеге келген әйел адамдар.

Алматы қаласы – 24:
1945, 1938, 1979, 1973, 1945, 1951, 1953, 1955, 1967, 1946, 1956 және 1961 жылдары туған ер адамдар, 1970, 1972, 1947, 1956, 1954, 1950, 1988, 1965, 1947, 1980, 1979 және 1949 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Шымкент қаласы – 5:
1983, 1971 және 1961 жылдары туған ер адамдар, 1958 және 1962 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 375 адам өлімі тіркелген.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені елде өршіп тұрған пневмонияның іс жүзінде коронавирус екенін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, шетел және Қазақстан ғалымдары мәлімдеген. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәлімдемелерге қатысты пікір білдірген жоқ.

Қазақстанда пневмониядан көз жұмғандар туралы нақты ақпарат айтылмады. Тек 3 шілдеде Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елде соңғы жарты жылда пневмониядан 1 772 адам ажал құшқанын мәлімдеген. Ал денсаулық сақтау министр Алексей Цой 9 шілдеде өткен брифингте соңғы алты айда 1 172 адамның пневмониядан қайтыс болғанын айтқан.

Ресми дерек бойынша елде  58 253 адамнан коронавируы анықталған. Оның 33 814-і жазылып шыққан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір