• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:26:43
Алматы
+35°

Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов елдегі болып жатқан жағдайды "сұмдық трагедия" деп атады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

– Менің немере ағам кеше қайтыс болды. Артында төрт баласы қалды. Сонымен қатар бірер күн бұрын екі досымның әкесі, әріптесімнің анасы қауіпті індеттен көз жұмды. Ал бүгін сұмдық күн болды. Менің таныстарымнан жалпы 11 адам қайтыс болды. Бір сағат бұрын 11-ші адамның көз жұмғаны туралы хабар келді. Тағы бір жақсы адамның 39 жастағы жалғыз ұлы өмірден өтті. Қазіргі болып жатқан жағдайлар – сұмдық трагедия. Ерте ме, кеш пе бәріміз өмірден өтеміз. Егер де барлық жағдайды жасап қайтыс болса, онда мәселе басқа. Ал адамдар дәрі-дәрмек жетіспеушілігінен, тыныс алдыру аппаратының жоқтығынан немесе ауруханаға жату үшін дәрігер мен төсек-орын тапшылығынан мәселенің шешілгенін күтіп жатып көз жұмса, бұл – қасірет. Бұл италияның сценарийі емес, бұл ондаған жыл бойы бюрократия мен жауапсыздық жемқорлыққа ұласқан осындай қайғылы статистика көрсететін біздің өз сценарийіміз, – деп жазды желідегі парақшасында.

Оның айтуынша болып жатқан жәйттардың ең өкініштісі дәрі-дәрмекке соңғы ақшасын жұмсап жатқан адамдар.

– Ең өкініштісі дәрі-дәрмекке соңғы ақшасын жұмсап жатқандар және сол дәріні қарызға алатын адамдар. Өкінішке орай, біздің үкімет төлем жасау үшін құқықтық негіздерді көрмейді. Ал адамдар моральдық негіздерді көрмей, осындай көзқарастағы жұмысын жалғастырады. Үкіметтегі адамдар отставкаға кетіп, орнына жаңа адамдар келсе де билікте өзгеріс болмайды. Ол үшін жаңа адамдар мен жаңа ережелер болуы керек. Сонда ғана коронавирус инфекциясының келесі толқыны мұнша қайғылы болмайды, – деді президенттің штаттан тыс кеңесшісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір