• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:52:31
Алматы
+35°

Белгілі журналист Марат Тоқашбаев өзінің facebook-тағы парақшасында пневмониядан қайтыс болғандар санын коронавирус құрбандарының санына қосу керектігін айтып, соңғы айларда індеттен көз жұмған белгілі 67 адамның тізімін жариялады. Жазушы жазбасы мәтінінің толық нұсқасы төменде ұсынылған.

БІЗ СІЗДЕРДІ ҰМЫТПАЙМЫЗ!
(Қайтыс болғандар тізімі)


Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды ғой. Соңғы деректерде коронавирус жұқтырғандар саны 60 мыңға таяп қалыпты. Қаза тапқандар 375 деп көрсетіліпті. Меніңше бұл әлі де толық цифр емес. ДДҰ кеше Қазақстанда өршіп кеткен пневмония түрін COVID-19-дың өзгерген түрі ретінде қарастырыпты. Сондықтан пневмониядан қайтыс болғандар санын коронавирус құрбандарының санына қосу керек.

Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінің елде пневмониядан қайтыс болғандар санын 1700-ден астам деп көрсетуі құлаққа қонады. Сонда COVID-19 құрбандарының саны 2000-нан жоғары болып тұр. Кейбір отбасылар коронавирустан қайтыс болған туыстарын лайықты құрметпен жерлеу үшін оның басқа дерттен қайтыс болғаны туралы анықтама сатып алып жерлеп жатқаны жайында ақпараттар да бар. Мына төменде әріптес қарындасымыз Анар Төлеухан түзген, біз толықтырған елімізге, өңірлеріне белгілі қайтыс болған жазушы, журналистер, ғалымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, мемлекеттік қызметшілердің тізімі беріліп отыр. Бұл тізімді қайтыс болғандардың аты-жөнін қосып Сіздер де толықтыра аласыздар. Марқұмдардың иманы саламат болсын! Артында қалғандарға сабыр берсін! Ары қарай Алла елімізге аманшылық берсін!

КОРОНАВИРУС ҚҰРБАНДАРЫ
1. Кеңес Дүйсекеев – композитор
2. Берік Исмаилов – дизайнер
3. Еділ Ерғожин – ҰҒА академигі, химия ғылымының докторы.
4. Мұрат Мыңбаев – техника ғылымының докторы, дінтанушы
5. Саябек Зиядин – экономика ғылымының докторы
6. Жолдасбек Дуанабай – журналист
7. Сайранбай Дөненбаев – Еңбек ері
8. Жалғас Кеңесов – композитор
9. Дархан Дайырбек – әртіс
10. Қуандық Шамахай – жазушы
11. Қалдыбай Әбенов – режиссер
12. Сансызбай Бекболатов – театр қайраткері
13. Әприза Құсайынова – қоғам белсендісі
14. Үмітхан Алтаева – журналист
15. Сләмбек Жұмағали – режиссер
16. Қайрат Дүйсен – ақын
17. Әбдіғани Құдайбергенова – дәрігер
18. Қырықбай Аллаберген – т. ғ. докторы
19. Тұяқ аңшы – тегін тауып қосу керек.
20. Клара апай – Әбіш Кекілбаевтың жары
21. Көпжасар Нәрібаев – ҚР ҰҒА академигі.
22. Жанат Халықов – журналист
23. Г. Алдашева – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары,
24. Ұзақ Серікбаев – Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бөлім бастығы, зейнеткер,
25. Қошмұрат Серікбаев – мемлекеттік қызметші, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Мұнайлы аудандық бөлімшесінің басшысы.
26. Бақытжан Торбаев – Қостанай облысы, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары
27. Мираш Тәшетов –Арқалық қаласының құрметті азаматы
28. Диас Омаров – тележурналист
29. Жанат Ахмади – жазушы
30. Қаракөз Ақдәулетова – әнші
31. Қайрат Баймұхамедов – Алматы обл.бас санитар дәрігері
32. Серікжан Бескемпіров – облыс әкімінің орынбасары
33. Гүлбарам Садуақасова – Қорқыт Ата университетінің профессоры,ж/т ғылымдарының докторы
34. Талғат Орманов – ақын
35. Әкім Нұрсапаұлы – аңшылық, саятшылық өнер білгірі
36. Әлібек Наурызбаев – баспагер
37. Қуанышбай Жұмабайұлы – шежіреші
38. Бадретдинов Раис Салихович – велоспорт жаттықтырушысы
39. Абдуғаппар Сманов – дін қайраткері
40. Зəкария Сманов – ағайындылар
41. Абдулла Сапаров – ҰҒА академигі.
42.-43. Сақан Елеусізов жұбайымен – ұзақ жыл мектеп директоры болған, ұстаз
44. Назар Рамазанов – экстра-класс ұшқыш.
45. Әділжан Хамзин – көрнекті уролог дәрігер, медицина ғылымының докторы, профессор.
46. Жекен Қалиев – дипломат. БҰҰ Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі.
47. Марат Көкенұлы Ардат – астаналық жоғары санаттағы дәрігер.
48. Нұрпейісов Бақдаулет Бақтиярұлы – Қарағанды облысы соттар әкімшісінің басшысы.
49. Оспанов Сапар – философия ғылымының докторы.
50. Қалихан Қозыбағаров – Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері
51. Берік Ермаганбетов – Маңғыстау облысы бокстан жаттықтырушы, жоғары ұлттық деңгейдегі судья.
52. Жеңіс Жарылғапов – Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жаңаөзеннің құрама командасының аға жаттықтырушысы.
53. Ақылбек Теміров – Жаңаөзендегі бокс мектебінің жаттықтырушысы.
54. Аман Әжібаев – бокс хабарлаушысы;
55. Қайрат Мамаділов – Еуразия университетінің филология факультетінің деканы;
56. Қалихан Қозыбағаров – Ақтөбе инфекциялық ауруханасының бас дәрігері;
57. Анапия Меңдешұлы – тарихшы, шежіреші;
58. Жолдас Төлегенов – қайраткер, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы;
59. Әнуарбек Бейсе – журналист, "Ұстаз нұры информ" газетінің бас редакторы;
60. Батырхан Сағынтаев – желтоқсаншы;
61. Дәуренбек Әубәкір – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
62. Тоқсанбаев Сүлеймен Рахымжанұлы – белгілі аудармашы.
63. Нәбиев Тұрсын Ясынұлы – Алматы қалалық сотының судьясы
64. Садықов Айдынғали Наурызғалиұлы – Атыраулық Мəдениет қайраткері
65-66. Әшірбек Аманкелді (інісімен қоса) – журналист, халықаралық шолушы.
67. Азат Базаркелдиев – Талдықорған театрының әртісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір