• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:42:08
Алматы
+12°

Премьер-министр Асқар Мамин шілде айына әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол үкімет отырысында айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдері бойынша ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл – 1 миллионнан астам адам, – деді Мамин.

Әлеуметтік төлемге қалай өтінім беруге болады немесе төлем автоматты түрде бұрын алған азаматтарға беріле ме ол жағы әзірге айтылмады.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдай оңала бастағанын, десе де әлі де шектеу шаралары қажет екенін айтып, мұқтаж азаматтарға 42500 теңге төленетінін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, президенттің тапсырмасымен елде карантин тағы екі аптаға ұзартылды.

♦ Оқи отырыңыз: "Жыртық жамауға келмейді". 42500 теңге халықтың керегіне жете ме?

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір